«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 190 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 190 қаулысымен
бекітілген
«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының лицензиялық және рұқсат беру жүйесінің бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:
жеке тұлғалар үшін - 7 (жеті) жұмыс күні;
заңды тұлғалар үшін - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 40 (қырық) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 40 (қырық) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште жеке тұлғаға қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге берілген рұқсат және заңды тұлғаға қаруды сақтауға берілген рұқсат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа