(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.12.03 № 244 ҚАУЛЫСЫ
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 Қаулысы
(2013.19.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1919 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 55-56, 546-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 244 қаулысымен
бекітілген
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін
ресімдеу және олардың орындалуын тексеру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруді экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін
ресімдеу және олардың орындалуын тексеру тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа