Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.11.02 № 130 ҚАУЛЫСЫ

Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2. «Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 276-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 11 ақпандағы

№ 130 қаулысымен

бекітілген

 

 

Өнімнің транзитіне рұқсат беру

 ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және өнімнің транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.

2. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімнің (бұдан әрі - өнім) транзитіне рұқсат беруді экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

3. Осы Ережеде белгіленген талаптар өнімнің транзитіне байланысты Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына, шетелдік заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) қолданылады.

 

 

2. Өтінішті және рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі

 

4. Рұқсат алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку