Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 179 Қаулысы (2015.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 179 Қаулысы

(2015.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (келісім бойынша) бiрiншi басшылары, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции