«Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 Қаулысы (күші жойылды)
Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 654 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесi
Документ утратил силу
Демо – версия документа