«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 654 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармалары (бұдан әрі - басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама жүргізу мерзімі сараптама объектісі келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Сараптама жүргізу үшін сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін;
Осы көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылған (дінтану сараптамасы ұзартылған) жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тоқтатылғаннан (дінтану сараптамасы ұзартылған) бастап екі жұмыс күні ішінде оның мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату туралы хабарлайды;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
Документ утратил силу
Демо – версия документа