«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 729 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз жүзінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа