(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ТУРАЛЫ» 2005.12....
Қазақстан Республикасының
Заңы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы
(2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асырудың нысаны;
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа