«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 515-ІV Заңы
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
1) кіріспе «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік органдарының және» деген сөздермен толықтырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;»;
2) тармақшадағы «әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «орындаушыны» деген сөз «ықтимал өнім берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;»;
«8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;»;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;
13) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі.»;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) уәкілетті органды айқындайды;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
5) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
«4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады;
5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;
6) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;
3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 5-баптың 13) тармақшасы «келісімді» деген сөзден кейін «және ұлттық бірлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.»;
4-тармақ алып тасталсын;
8) 7-баптың екінші бөлігіндегі «жүзеге асыру» деген сөздер «іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат, 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
17-баптың 1-тармағы «конкурстық құжаттаманың негізінде» деген сөздерден кейін «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 22-і.
№ 515-ІV