(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.10.11 № 1074 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 Қаулысы
(2013.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 30, 387-құжат);
2) «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысының 10-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 4, 36-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Редакция документа
Демо – версия документа