(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.10 № 1730 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 Қаулысы
(2013.08.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 31, 311-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 241-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1730 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі
ереже
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа