Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 72 Қаулысы (күші жойылды)

Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 72 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 10 ақпандағы

№ 72 қаулысымен

бекітілген

 

 

Көрсетілетін заң көмегі сапасының
критерийлері

 

1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

1) құқықтық ақпарат беру;

2) құқықтық консультация беру;

3) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі.

2. Мыналар құқықтық ақпарат беру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады:

1) заңмен берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру;

2) халыққа объективті және жан-жақты ақпараттың берілуін қамтамасыз ету;

3) құқықтық ақпарат беру түрінде заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку