(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМ. ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2013....
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес колданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Байменов |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру
қағидалары
Осы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізудің және мемлекеттік органдарда конкурс комиссиясын қалыптастырудың шарттары мен тәртiбiн айқындайды және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.
1. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
Редакция документа
Демо – версия документа