Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.27.08 № 1251 ҚАУЛЫСЫ

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысы

(2013.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 423 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 27 тамыздағы

№ 1251 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті денгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.

2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзірленеді.

3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку