(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.19.01 № 119 ҚАУЛЫСЫ
Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 119 қаулысымен
бекітілген
Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Заң), »Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең таяу нүктені айқындау тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа