«Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 30 Қаулысы (күші жойылды)
«Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 30 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 651 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 231-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түріне байланысты сараланады:
Көмірсутек шикізаты:
барлау және өндіру - 2 %, өндіру - 3 %.
Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):
барлау және өндіру - 2 %, өндіру - 2,5 %.
Жер асты сулары (емдік балшықты қоса алғанда):
барлау және өндіру - 2,5 %, өндіру - 4 %.
Документ утратил силу
Демо – версия документа