«Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысы (2014.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысы
(2014.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 651 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімегі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат кұнын айқындау қағидасы бекітілсін.
2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімегінін 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Рестбликасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 120 қаулысымен
бекітілген
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айкындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауы туралы тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған; олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.
Документ утратил силу
Демо – версия документа