Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 СӘУІРДЕГІ № 352 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 Қаулысы

(2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 210-құжат);

3) «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 382-құжат).

ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.02 № 220 қаулысымен (бұр. ред. қара) (2009.01.01 қолданысқа енгізілді); 2010.18.06. № 613 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку