(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОТ ПРИСТАВТАРЫ ТУРАЛЫ ҚР 07.07.97 Ж. № 150-I ЗАҢЫ
Сот приставтары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 150-I Заңы
(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы
1. Сот приставы - мемлекеттік қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
2. Сот приставына нысанды киім (погонсыз), куәлiк және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтеді.
Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi
Сот приставтарының мiндеттерi:
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;
3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерін жасау кезінде сот орындаушылары мен осы іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету;
5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары
Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа