Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОТ ПРИСТАВТАРЫ ТУРАЛЫ ҚР 07.07.97 Ж. № 150-I ЗАҢЫ

Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 7 шiлдедегi № 150-I Заңы
(ҚР 05.05.03 жылғы 5 мамырдағы № 409-II ; 2004.20.12 № 13-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2006 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы

1. Сот приставы - мемлекеттік қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен соттар қызметiнiң белгiленген тәртібін қамтамасыз ету жөнiнде жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.

2. Сот приставына нысанды киім, куәлiк және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi

3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi

Сот приставтарының мiндеттерi:

1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;

2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;

3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;

4) соттардың үйлерiн күзетудi, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзетудi қамтамасыз ету;

5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.

3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары

Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібі

1. Сот приставтарының бөлiмшелерiн:

1) жергiлiктi соттарда - атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);

2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады.

2. Сот приставтарының бөлiмшелерiне аға сот приставтары басшылық етедi.

Аға сот приставы:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку