(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы
7 шiлдедегi N 150
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 5 мамырдағы N 409-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы
1. Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
2. Сот приставына нысанды киiм, куәлiк және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi
Сот приставтарының мiндеттерi:
1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;
3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;
4) соттардың үйлерiн күзетудi, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзетудi қамтамасыз ету;
5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары
туралы заңдары
Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру
және оларды тағайындау тәртiбi
1. Сот приставтары Қазақстан Республикасы соттарының жанында болады.
Сот приставтарының бөлiмшелерiн:
1) аудандық (қалалық), облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың жанынан облыстық және оған теңестiрiлген әдiлет басқармасының бастығы;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан Әдiлет министрi құрады.
2. Сот приставтарының бөлiмшелерiне аға сот приставтары басшылық етедi.
Аға сот приставы:
Демо – версия документа