(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 13 ҚАҢТАРДАҒЫ № 32 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 Қаулысы
(2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
| Д. Ахметов |
Yкіметінiң
2004 жылғы 13 қаңтардағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ
мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер (бұдан әрi тендерлер) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Осы Ереже ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарына қолданылмайды.
2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде көзделген ұғымдар және мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) лот - мемлекеттік орман иеленушiнiң тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша белгіленген тәртiппен құжаттама түрiнде ресiмделген және келісілген ұсынысы;
2) өтiнiм-лот - қалыптасу және уәкiлеттi органмен келісіп алу процесіндегі тендерге қойылатын орман ресурстары бойынша мемлекеттік орман иеленушiнiң ұсынысы;
3) тендердi ұйымдастырушы - тендерге қойылатын мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары функционалдық қарауында болатын облыстық атқарушы органдар немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары;
Редакция документа
Демо – версия документа