(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.11.03 № 251 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және
геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қарашадағы № 1357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 45, 436-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдалану жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 маусымдағы № 578 қаулысының 1-тармағы 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 19, 172-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қарашадағы № 1357 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 тамыздағы № 779 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 31, 314-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 251 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда
Редакция документа
Демо – версия документа