Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1515 Қаулысы (күші жойылды)

«Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1515 Қаулысы

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 218-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1515 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 16 сәуірдегі

№ 424 қаулысымен

бекітілген

 

 

Магистральдық теміржол желісін пайдалану
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы пойыздар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған пойыздар;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку