(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2009.04.12 № 214-ІV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
(2013.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері
3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шаралары
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;
2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - неке-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар шеңбері;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);
Редакция документа
Демо – версия документа