Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ» 2005.21.02. № 3...

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Әскери полиция органдары туралы

(2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1- 6 баптар)

2-тарау. Әскери полиция органдарының өкiлеттiктерi

(7- 10 баптар)

3-тарау. Әскери полиция органдары қызметкерлерінің атыс қаруын, арнайы құралдарды және дене кyшін қолдануы

(11- 12 баптар)

4-тарау. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң кадр құрамы, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы

(13- 15 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, ұлттық қауiпсіздiк және iшкi iстер органдары әскери полициясы органдарының (бұдан әрi - әскери полиция органдары) құқықтық негiздерiн, принциптерiн, мiндеттерiн және жүйесiн белгiлейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi

Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң құрамына ұйымдық тұрғыдан кiретiн және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын арнайы әскери бөлiмшелер болып табылады.

 

2-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар құрайды.

 

3-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң принциптерi

Әскери полиция органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерiне құрылады.

 

4-бап. Әскери полиция органдарының жүйесi мен құрылымы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку