(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.18.10 № 1070 ҚАУЛЫСЫ
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысы
(2013.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасының 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1070 қаулысымен
бекітілген
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларға сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) беру тәртібін белгілейді.
3. Пайдаланушының сертификаты басқа тұлғаға беруге жатпайды.
4. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласын және мерзімін көрсете отырып, 2 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Редакция документа
Демо – версия документа