Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.31.03 № 318 ҚАУЛЫСЫ

Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 31 наурыздағы

№ 318 қаулысымен бекiтiлген

 

 

Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрленді.

2. Осы Қағида аса жеңiл авиация әуе кемесінің данасын және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң аса жеңіл авиация әуе кемесінің данасына және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатына сәйкестік куәлігін алу үшiн уәкілеттi органға жазбаша өтiнiшi;

2) аса жеңіл авиацияның әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігі - оның конструкциясының, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку