Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.12.00 Ж. № 1132 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегі шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1132 қаулысы

(2005.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Әуежайлар қызметтерiнiң тиiмдi және сапалы жұмысына қол жеткізу, халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсету мәдениетiн жақсарту, авиажолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың келісілген iс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ ел экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ететiн Қазақстан Республикасының имиджiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестірушi болып белгiленсiн.

2. Халықаралық авиарейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi және оларды теңдеме жүктерi мен жүктердi ресiмдеудi:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң кеден органдарымен бiрлесiп халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн әуежайлардың қызметтерi;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.

Әуежайдың әкiмшiлiгi халықаралық авиарейстерде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады.

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2000 жылғы 27 шілдедегі

№ 1132 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар

1 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку