«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 Қаулысы (2017.19.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 Қаулысы
(2017.19.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.11.09. № 774 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
«35) пилот қашықтан басқаратын әуе кемесі - осы әуе кемесінің бортында болмайтын даярланған маман басқаратын әуе кемесі;
36) белгiленген маршрут - уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген және авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс маршрут.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар);»;
11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа