«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы (күші жойылды)
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 782 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 343-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пайдаланушы қызмет түріне, пайдаланылатын әуе кемелерінің үлгісіне қарай, ұйымдық құрылымға кіретін қажетті құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді:
1) ұшу қызметі;
2) ұшуға жарамдылықты қолдау қызметі;
3) жердегі қызмет көрсету қызметі;
4) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция;
5) авиациялық қауіпсіздік қызметі;
6) бортсеріктер қызметі;
7) персоналды даярлау қызметі;
8) сапаны бақылау қызметі;
9) ұшуды басқару және ұйымдастыру қызметі;
10) еңбекті қорғау қызметі немесе еңбекті қорғаудың жай-күйі үшін жауапты адам.
5. Пайдаланушы өз күшімен немесе басқа ұйымдармен шарттардың негізінде мынадай жұмыс түрлерін жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу;
2) ұшу ақпаратын өңдеу және талдау;
3) ұшуды медициналық қамтамасыз ету және медициналық куәландырудан өту;
4) метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
6) авиация персоналының біліктілігін арттыруды және тренажерда даярлануын қамтамасыз ету;
7) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
9) жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету;
Документ утратил силу
Демо – версия документа