«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 Қаулысы (2013.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 Қаулысы
(2013.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 782 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 47) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 319 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптар
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;
Документ утратил силу
Демо – версия документа