(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.07.10 № 1036 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1128 Қаулысымен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «электрондық лицензиялау» порталы (бұдан әрі - портал): www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 32-бабының 3-тармағына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2) тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz;
2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) орталықтың филиалдарындағы стенділерде;
4) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
Редакция документа
Демо – версия документа