«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 375 бұйрығы
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 375 бұйрығы
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттарды қысқарту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйекте № 146 (1569) «Заң газетінде» және 2009 жылғы № 10 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Б. Имашев |
Әділет министрінің
2013 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 375 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы № 115
Демо – версия документа