«Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулы қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1398 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешімдерiнiң тізбесі
1. «Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы № 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 241-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 858 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегi шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында азаматтық және мемлекеттiк авиацияның бiрлесiп орналасу әуеайлақтарын пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1439 қаулысы.
5. «Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 695 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 210-құжат).
Демо – версия документа