(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.29.12 № 1796 ҚАУЛЫСЫ
Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіп саласындағы лицензиарлар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына
1-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы лицензиарлар
Р/c № | Лицензиар | Лицензияланатын қызметтің түрлері және кіші түрлері |
1 | 2 | 3 |
1. | Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті | Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану*: |
тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану* | ||
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау* |
Редакция документа
Демо – версия документа