Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.26.11 № 1132 ҚАУЛЫСЫ

Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1132 Қаулысы

(2013.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 26 қарашадағы

№ 1132 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің

орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 390 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - қор немесе қорлар);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку