Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 12 НАУРЫЗДАҒЫ № 316 ҚАУЛЫСЫ

Автомобиль көлiгiмен кауіптi жүктердi тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 Қаулысы

(2013.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегі және «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2013.19.03. № 259 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2013.19.03. № 259 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен

бекітілген

 

 

Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку