Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 Қаулысы (күші жойылды)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 532 Қаулысымен күші жойылды

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;

2) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1370 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік
монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы

 

Р/с

Көрсетілетін қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен

1

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың іс макеттерін қалыптастыру

1 макет

2 642,83

2

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару

1 төлем

202,42

3

Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару

1 төлем тапсырмасы

7,84

4

Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтару

1 төлем тапсырмасы

594,80

5

Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну

1 ақпарат

588,79

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку