(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.25.10 № 1358 ҚАУЛЫСЫ
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1358 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні
таңдау және оның шығындарын өтеу
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 786 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа