(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.28.05 № 787 ҚАУЛЫСЫ
Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 Қаулысы
(2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.06.10. № 1141 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
№ 787 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке,
ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың
Редакция документа
Демо – версия документа