Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.10 № 943 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 Қаулысы

(2013.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже;

2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1817 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшыны тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 26 және 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1817 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 қазандағы

№ 943 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.

3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку