«Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау қағидаларын және үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 235 Қаулысы (күші жойылды)
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау қағидаларын және үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 235 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау қағидалары;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың (жеке тұлға болып табылатын салымшы үшін) үлгі нысаны;
3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың (жеке тұлға болып табылатын салымшы үшін) үлгі нысаны;
4) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың (үшінші тұлғаның пайдасына) үлгі нысаны;
5) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың (үшінші тұлғаның пайдасына) үлгі нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7569 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 14 маусымда № 320-321 (27395) жарияланған);
Документ утратил силу
Демо – версия документа