Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.15.11 № 1449 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 15 қарашадағы

№ 1449 қаулысымен

бекітілген

 

 

Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және моноқалаларда жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметпен байланысты кредиттік тарихы жоқ шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) жаңа өндіріс - моноқалада тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы;

3) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20% және одан жоғары) бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарда шоғырланған, әдетте, бір бейіндегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандану), бұл ретте қалада өтетін барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді айқындайтын қала;

4) мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт - жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі, қаржы агенті және кәсіпкер арасында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалатын, үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант ұсынылады;

5) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыс әкімі айқындайтын, жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты атқарушы орган (бұдан әрі - бағдарламаның үйлестірушісі);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку