Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 18 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1032 ҚАУЛЫСЫ

Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысы

(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесi бекітілсiн.

2. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2002 жылғы 18 қыркүйектегi

№ 1032 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже жауынгерлік қаруды өндiрудi, жинауды, қайта жасауды, сатуды (саудалауды), тапсыруды, марапаттауды, сатып алуды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, сақтау мен алып жүрудi, тасымалдауды және пайдалануды қоса алғанда, жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнің, сондай-ақ суық қарудың (бұдан әрi - жауынгерлiк қару) айналымын ретке келтiредi.

2. Жауынгерлiк қаруға жауынгерлiк және жедел-қызметтік мiндеттердi шешуге арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану құқығы бар субъектілер) (бұдан әрi жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер) Қазақстан Республикасы Yкіметінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес қару-жараққа қабылдаған қару жатады.

3. Жауынгерлік қол атыс қаруын және оған оқ-дәріні әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату (саудалау), сатып алу және экспонаттау заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку