(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.29.12 № 1788 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1788 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1788 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы ұсынылады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күнінен бастап - 30 жұмыс күні;»;
9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс уақыты:
Орталыққа жүгінген кезде:
1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;
веб-портал арқылы жүгінгенде:
өтініштерді қабылдау - тәулік бойы.
Редакция документа
Демо – версия документа