(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.20.02 № 158 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірлері 475, 476-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
475 | Бiлiктiлiк санатын бермей, маман сертификатын беру | Жеке тұлғалар | ДСМ | ДСМ МФҚБК аумақтық департаменттері | ДСМ МФҚБК аумақтық департаменттері | Электрондық түрде (сертификат) |
476 | Бiлiктiлiк санатын бере отырып, маман сертификатын беру | Жеке тұлғалар | ДСМ | ДСМ МФҚБК аумақтық департаменттері, ДСМ МСЭҚК және оның аумақтық департаменттері | ДСМ МФҚБК аумақтық департаменттері, ДСМ МСЭҚК және оның аумақтық департаменттері | Электрондық түрде (сертификат) |
»;
2) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа