(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2011.30.05 № 283 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 283 Бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (С.Н.Баймағанбетов) заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жәмішев |
Қаржы министрінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 283 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу
ережесі
1. Осы Ереже «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының кеден органдарына конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа