«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 245-ө бұйрығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 245-ө бұйрығы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттелсін.
2. Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаменті аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу туралы куәліктерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Е. Нысанбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Министр | Н. Қаппаров |
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 14 тамыздағы
№ 245-ө бұйрығына қосымша
Демо – версия документа