(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.01.11 № 1392 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 35, 36 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында;
Редакция документа
Демо – версия документа